Бостандыққа шыққан Қайрат Боранбаев жазба жариялады

Қайрат Боранбаев «Алмалы» холдингінің әрбір қызметкеріне алғыс айтты.

Бостандыққа шыққан Қайрат Боранбаев жазба жариялады
Фото: kapıtal.kz
1690

Жақында ғана бостандыққа шыққан кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті менің әріптестерім, достарым және серіктестерім! Кеше мен үйіме оралдым, туыстарым мен жақындарымның жанынан табылғаныма қуаныштымын. Басымнан өткен қиын-қыстау айларда мені қолдаған барлық адамға және әрқайсыңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мені қолдау үшін жасалған әрбір бастамамен, менің жеке басыма қатысты айтылған әрбір жақсы сөзбен таныспын. Айналамда адал, мейірімді, шынайы тамаша жандар барына тағы да көз жеткіздім» деп жазды.

Қайрат Боранбаев «Алмалы» холдингінің әрбір қызметкеріне алғыс айтты.

«Біз бәріміз бір үлкен отбасы сияқтымыз. Енді осындай бірліктің арқасында жаңа биіктерді бағындыратынымызға сенімдімін. Мұның бәрі әрбір қызметкердің, қазақстандықтың және бүкіл елдің игілігі үшін» деп жазды Қайрат Боранбаев Instagram-дағы парақшасында.

 

 

Серіктес жаңалықтары