Семейде жаңа туған қызын қоқыс жәшігіне тастап кеткен әке өмір бойына сотталды

/
Семейде жаңа туған қызын қоқыс жәшігіне тастап кеткен әке өмір бойына сотталды
видеодан скриншот

Семей қаласында жаңа туған қызын қоқысқа тастаған ата-аналарға сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға биыл 3 ақпанда болған. Нәрестенің денесі көшедегі қоқыс контейнерінен табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК мәліметінше, қылмыс жасалған кезде баланың анасы мен әкесі полицияда қызмет еткен-етпегені белгісіз.

Іс материалдарына сәйкес, жас әйел баланы өз пәтерінің әжетханасында босанған. Осыдан кейін ол қарым-қатынаста болған ер адамға телефон шалған. Ер адам келіп, жаңа туған нәрестені сүлгіге орап, қоқыс контейнеріне тастаған. Қатты аязда қыз бала үсіп, қайтыс болған.

Оқиғадан кейін әйел баласы өлі туғанын айтқан. Алайда тергеу нәтижесінде нәрестенің өліміне үсіп қалу себеп болғаны анықталды. Сәбидің өліміне оны көшеде қалдырған әкесі де кінәлі деп танылды.

Сот 26 жастағы ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп үкім шығарды судья Нияз Хасенбаев.

21 жастағы сәбидің анасы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда оған рақымшылық жасалып, жаза қолданылмады. Сот сондай-ақ сотталушы әйелді полицияның кіші сержанты атағынан, ал ер адамды полицияның аға лейтенанты атағынан айыру туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары