Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль және юань бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz Kurs.kz мәліметтеріне сілтеме жасап.
Елордадағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450,70 теңгеден сатып алынып, 457,70 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 502,70 теңге, сату бағамы – 512,70 теңге.
Ал рубль 5,24 теңгеден сатып алынып, 5,44 теңгеден сатылуда. Юаньның бағамы 66,37–70,44 теңге аралығында қалыптасты.
Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 452,31 теңгеден сатып алынып, 454,71 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы 505,21 теңге болса, сату бағамы 510,04 теңгеге жетті.
Қалада рубль 5,21–5,33 теңге аралығында, ал юань 67,37–70,06 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, валюта бағамы ақша айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін.