СҚО-да 2 ер адамға іздеу жарияланды

Іздеу жарияланған адамдарды көрген-білгендер 102 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

СҚО-да 2 ер адамға іздеу жарияланды
ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында 40 және 27 жастағы екі ер адамға іздеу жарияланды. Вячеслав Пономаренко Петропавл тұрғыны болса, Виктор Егорьев Есіл ауданында хабарсыз кеткен.

Петропавл тұрғыны Вячеслав Пономаренко 13 қазаннан бері жоқ. 40 жастағы ер адам Сенная көшесіндегі жұмысынан шығып кеткеннен кейін оны ешкім көрмеген.
Оның бойы 170 см, арықша келген. Ерекше белгісі – сол қолында екі саусағы жоқ. Сол күні үстінде көк түсті джинсы матадан тігілген күртеше және аяғында қара кроссовки болған.

Ал Виктор Егорьев екі аптадан бері хабарсыз. 27 жастағы жігіт Есіл ауданы Александровка елді мекенінің маңында кесілген ағашты күзеткен. 25 қазан күні сағат 22.00 шамасында күзетшінің үйшігінен шығып кеткен. Бағдарын жоғалтып алуы мүмкін.

Бойы шамамен 160-165 см шамасында, орта денелі, шашы қоңыр.

Өзімен бірге «Nokia» ұялы телефоны болған.

Іздеу жарияланған адамдарды көрген-білгендер 87476283531, 89266266433 және 102 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.