16,4 млн тонна астық жиналды

11,4 млн тонна бидай бастырылды.

16,4 млн тонна астық жиналды
ашық дереккөз

Еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау науқаны аяқталуға жақын. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Облыс әкімдіктерінің мәліметі бойынша, 16,9 млн гектар немесе 98,7% бидай орылды. Орташа өнімділік 9,7 ц/га.  Бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық жиналды, оның ішінде 11,4 млн тонна бидай. Өнімділік - 8,6       ц/га», – деді Айдарбек Сапаров.

Министр дәнді дақылдар бойынша толық мәлімет берді.

«Дәнді дақылдарды жіктейтін болсақ, бидай оратын жер көлемі 13,4 млн га құрайды. 8,6 ц/га өнімділікпен 11,4 млн тонна астық бастырылды», – деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Оның айтуынша, майлы дақылдарды жинау алаңы 1,9 млн гектарға немесе 68%-ға пара-пар болған. Орташа өнімділік 8,4 ц/га құрап, 1,6 млн тонна майлы дақыл жиналған.