Ветеринария саласына үлкен өзгеріс енгізу керек – депутат

Депутат ветеринария қызметінде олқылық көп екенін де жасырмады.

Ветеринария саласына үлкен өзгеріс енгізу керек – депутат
www.parlam.kz

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов комитеттің көшпелі отырысында кейінгі кезде өңірлерде бруцеллез бен аусыл жұқпалы аурулары жиі тіркеліп жатқанын, мұның ет экспортының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол ветеринария қызметінде олқылық көп екенін де жасырмады. Жиынға қатысқан бір топ депутат пен министрлік өкілдері елордадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, ветеринария саласындағы сан түрлі мәселені сөз етті.

Нұржан Әшімбетов, Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі:

– Ветеринарлық қызмет басынан бастап, министрліктен бастап, аяғына дейін соған үлкен өзгерістер енгізуіміз керек. Электронды платформа өте нашар жұмыс істеп жатыр. Содан кейін мынау вакциналар бойынша өте көп мәселе көтеріліп жатыр. Кейбір вакциналар жұмыс істемейді. Шетелден көп вакциналар сатып аламыз. Өзіміздегі шығарған вакциналарды неге пайдаланбаймыз? Сондай сұрақтар туғызып отыр.