Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 7 қарашада Түнде және таңертең Астанада тұман түседі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман болуы мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз өңірдің батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Қостанайда да тұман болады деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында солтүстік-батысқа ойыса оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с, Ақтауда күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.