Мұнай айналымын есепке алу 100% цифрланады

Жоба 2024 жылы жүзеге асады.

Мұнай айналымын есепке алу 100% цифрланады
belchemoil.by
781

Қазақстан 2024 жылы ақпараттық есепке алу жүйесінде мұнай айналымын есепке алуды қазіргі 94,8%-дан 100-ға дейін арттырады, деп хабарлады Turkystan.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бүгінге дейін мұнай айналымының 94,8%-ы цифрлық форматта есепке алынған. 2024 жылдан бастап барлық жер қойнауын пайдаланушыларды қосу және мұнай айналымын цифрлық ортада 100%-ға жеткізу және газ кен орындарын қосу жоспарланып отыр.

Мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі 2022 жылдың 31 мамырында іске қосылды. Бүгінге дейін жүйеге 36 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы компания және 7 мұнай өңдеу зауыты қосылған.

Қазақстанда 2022 жылғы 15 қыркүйекте мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін басқару жүйесінің негізінде сараланған бағамен дизель отынын жеткізу бойынша тұтынушылардың деректерін тексеру модулі іске қосылды. Осы сәттен бастап модуль арқылы 2,5 миллионнан астам транзакция жасалды. 2024 жылдан бастап мұнай базалары жүйесіне қосылу жоспарланып отыр. Әзірге қанатқақты жоба ретінде 3 мұнай базасы қосылды.

Жоба Энергетика министрлігіне қолда бар деректерге сүйене отырып, мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау бойынша шара қабылдауға, ал кәсіпкерлер мен азаматтарға мұнай базалары мен жанар-жағармай құю станцияларында жанармайдың қолжетімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары