«Таңғалып жүр едім»: Роза Әлқожа қуанышты жаңалығын бөлісті
Әнші бірінші қарашада жеке концертін беріп, енді 15 қарашада ұлын үйлендірмек.
Әнші Роза Әлқожаның отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесі үлкен ұлы Бейбарыс жуырда шаңырақ көтеретінін айтты.
Бұл туралы ол «Мархабат» бағдарламасында бөлісті.
Әнші бірінші қарашада жеке концертін беріп, енді 15 қарашада ұлын үйлендірмек.
«Алты ай бұрын концерт алып қойдық. Ешқандай концертіме бұлай алдын ала дайындалмайтынмын. Бір ай қалғанда ән жаздырып, киім тіккізіп жанталасып жүретінмін. Осы жолы алты ай бұрын дайындықты бастап кеттім. Әнімді жазып, атын «Ақмандайлым» деп қойдық. Өзім де таңғалып жүр едім. Бір ерте дайындалған концертім болды деп ойладым.
Сөйтсек, Алланың қалауымен, баламыздың шешімімен осындай алғашқы қуанышымыз болады екен. Соған аяқасты дайындалып жатқан жайымыз бар. Қазақтың "қос тойың қатар келсін" деген сөзін жақсы көремін. Бұл да Алланың берген қуанышы шығар деп отырмыз. Бейбарысым мені алғаш ана атандырып еді. Енді, міне, ене атандырайын деп жатыр. Балалар теңін тапса, қуаныштымыз» , - деді әртіс.