Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті

Мердігер осы жағдайға қатысты болған оқиғаны тергеуге белсенді қатысуда.

Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті
pavlodarnews.kz

Павлодарда көлік шұңқырға түсіп кетті. Оқиға орында қажетті белгілер мен қоршаулар болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, «Алтын сапа» ЖШС мердігерлік ұйымы Малайсары батыр көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аумақта Сұрағанов көшесінің бойында ұзындығы 1300 метрді құрайтын су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс 21 шілдеде басталып, 21 қарашада аяқтау жоспарланған. 

«Жұмыс орнында барлық қажетті белгілер мен қоршаулар орнатылған. Мердігер осы жағдайға қатысты болған оқиғаны тергеуге белсенді қатысуда», – деді әкімдікте. 

Айта кету керек, тұрғын үй инспекциясы басқармасы да бұл мәселені қадағалап отыр.