Түркі мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімі 1,4 трлн долларға жуықтады

Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 22 млрд доллардан асты.

Түркі мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімі 1,4 трлн долларға жуықтады
ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Референттік орталығын құрғанды жөн санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

«Екінші басымдық – біріздендіру жұмысы (Unification). Түркі мемлекеттерінің қатар дамуы өте маңызды. Біз мемлекеттеріміздің стандарттары және терминологиясын жүйелеген жөн деп санаймыз. Осыған байланысты модельдік заң жобасын қысқа мерзім ішінде қарап, оны мақұлдауға шақырамын. Бұл бастама тауарларымызды ортақ нарыққа еркін шығаруға жол ашады. Ал бірыңғай стандарттар ішкі жалпы өнімді жыл сайын шамамен 1%-5а арттыруға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев қазіргі уақытта Түркі мемлекеттерінің ішкі жалпы өнімі 1,4 трлн долларға жуықтағанын жариялады.

«Биыл ұйым мүшелері арасындағы тауар айналымы 22 млрд доллардан асты. Ортақ талап бекітілсе, бұл көрсеткішті 1,5 есе ұлғайтуға болады. Бұдан бөлек, Түркі мемлекеттері ұйымының Референттік орталығын құрған жөн деп санаймын. Бұл орталық өнімді сынау нәтижелерін өзара тануға, сондай-ақ химия және тамақ өнеркәсібі салаларында жаңа зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді», – деді Президент.