«Өте сымбатты ер-азамат»: Тележүргізуші Айгүл Мүкей көпшілікке күйеуін неге көрсеткісі келмейтінін айтты (ВИДЕО)

Тележүргізушінің айтуынша, көп көзіне түспеу – жолдасының таңдауы.

«Өте сымбатты ер-азамат»: Тележүргізуші Айгүл Мүкей көпшілікке күйеуін неге көрсеткісі келмейтінін айтты (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/aigulmukei
1732

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей Динара Сәтжанға берген сұхбатында күйеуін көпшілікке көрсетпеуіне не себеп екенін айтты, деп жазды  turkystan.kz.

Тележүргізушінің айтуынша көп көзіне түспеу – жолдасының таңдауы.

«Ол – өте сымбатты ер-азамат. Көз тиеді. Түрін көрсетпеуімнің себебі  –  жұмысы да бар, өзі де қаламайды. Оның үстіне жасы менен сәл кіші. Қысқасы, көпшілік алдында жүргенді ұнатпайды. Қызым да сондай. Әкесіне ұқсаған. Өзінің суреттерін желіде жариялағанды құптамайды. Жолдасым желіде көрінгісі келмесе де, жақындарым, туыстарым, достарымның арасында жасырынбайды. Оны бәрі таниды» - деді Айгүл Мүкей.

 

Серіктес жаңалықтары