Қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы тағайындалды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы тағайындалды
ratel.kz
926

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Костенко шахтасында болған апат кезінде қайтыс болған 17 кеншінің балаларына жәрдемақы тағайындады.

Қаза тапқан 46 кеншінің 21-інің отбасына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекет есебінен әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері отбасындағы бала санына қарай есептеледі. Бір балаға 37 322 теңге болса, 5 балаға 111 560 теңге болады. Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі бала күтімімен жұмыс істемейтін аналарға да тағайындалды.

Ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен қайтыс боған адамның табысы мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қарай отырып, төлемдер мөлшері айына 56 мың теңгеден 272 мың теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Заңға сәйкес, бұл төлемдер балалар 18 жасқа толғанға дейін, ал жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда 23 жасқа дейін төленеді.

8 қазанда түнгі сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртаудың» Қарағанды облысындағы «Костенко» атындағы шахтасында тереңдігі  700 метр жерде өрт шығып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. Апат кезде шахтада 252 адам болған, 24 адам зардап шегіп, 46 кенші қайтыс болды.

Елімізде 29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Оқиғадан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мемлекет меншігіне өтетіні белгілі болды. Кейін оны қалпына келтіру үшін 3 млрд доллары бар инвестор қажет. Бұған дейін 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болған еді. Мұнда конвейер таспасынан өрт шыққан. Салдарынан 5 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары