Астанаға Өзбекстан Президенті келді

Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысады.

Астанаға Өзбекстан Президенті келді
Үкіметтің баспасөз қызметі

Астанаға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді, деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Президентін Премьер-министр Әлихан Смайылов күтіп алды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен қатар Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысады.