Ұлыбритания III Карлдың бейнесі бар монета соғып жатыр

Монета жануарлардың, құстардың және жәндіктердің бейнелерімен безендірілген, бұл патшаның табиғатқа деген құштарлығын көрсетеді деп саналады.

Ұлыбритания III Карлдың бейнесі бар монета соғып жатыр
сурет: DailyMail

Желтоқсан айында Ұлыбританияда патша – III Карл бейнесі бар монеталар айналымға шығады, деп хабарлайды деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Ұлыбританияның Корольдік монета сарайы III Карал бейнеленген монеталарды шығаруға кірісті.

Монета дизайнын Мартин Дженнингс әзіреген. Бұл – алғаш рет жаңа монархтың монетада бейнеленуі. Монета жануарлардың, құстардың және жәндіктердің бейнелерімен безендірілген, бұл патшаның табиғатқа деген құштарлығын көрсетеді деп саналады.

Биыл барлығы 9,6 млн монета соғылады. Олар желтоқсан айында айналымға шығады.