Бір кітап жинағын 14 млн теңгеге алмақ болған: Алматы облысында 20 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасау кезінде бағаны негізсіз 18.5 млн теңгеге көтеру фактісін анықтаған.

Бір кітап жинағын 14 млн теңгеге алмақ болған: Алматы облысында 20 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді
сурет: GOV.KZ
1276

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша еріктілері 20 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді, деп хабарлайды turkystan.kz. 
 

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жасау кезінде бағаны негізсіз 18.5 млн теңгеге көтеру фактісін анықтаған.

«Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» КММ 14 млн теңгеге бір кітап жинағын және 6 млн теңгеге кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғыны сатып алуды жоспарлады. Алайда еріктілер кітап жинағының орташа бағасы 1.1 млн теңгені, ал кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғының бағасы 360.9 мың теңгені құрайтынын анықтады. Бұл ретте аудандық кітапхана бағаны 18.5 млн теңгеге көтерді. Осыған байланысты еріктілер Іле ауданының мәдениет бөліміне бағаларды қайта қарау жөніндегі ұсыныс жіберді. Нәтижесінде кітапханаға сатып алудан бас тартылды, 20 млн теңге сомасында бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды, – деп мәлімдеді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. 

Серіктес жаңалықтары