Болат Назарбаев "Алтын Орда" базарының иесі емес – Cауда және интеграция министрі

Министр Болат Назарбаевтың қызметін тексеру туралы сұраққа да жауап берді.

Болат Назарбаев "Алтын Орда" базарының иесі емес – Cауда және интеграция министрі
Коллаж: inbusiness.kz

Болат Назарбаев Алматыдағы "Алтын Орда" базарының иесі емес. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz ls.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз зерттеген құжаттама бойынша ол базардың иесі емес, сондықтан мен Болат Назарбаевтың меншігі дей алмаймын. Қатысы болуы мүмкін, бірақ заң жүзінде иесі деп айта алмаймын. Бізде меншік иелері деп ЖШС саналады, олар өздеріне міндеттеме алды. Біз соларды тексеріп, солардан сұраймыз", – деді министр.

Министр Болат Назарбаевтың қызметін тексеру туралы сұраққа да жауап берді

"Кез-келген адамды тексеруге болады, егер фактілер болса. Құқықтық тұрғыда, егер Болат Назарбаевтың үлесі болса, онда заң алдында бәрі тең", – деп атап өтті Шаққалиев.