«Бұл Абаттың кінәсі емес»: Ресейлік агент Абат Айымбетовтің «Крылья Советов» құрамында неге ойнай алмағанын айтты

Абат 2021 жылғы ақпанда ресейлік «Крылья Советов» командасына ауысқан болатын.

«Бұл Абаттың кінәсі емес»: Ресейлік агент Абат Айымбетовтің «Крылья Советов» құрамында неге ойнай алмағанын айтты
kazfootball.kz

Ресейлік агент Рустам Раджабов қазақстандық футболшы Абат Айымбетовтің «Крылья Советов» құрамында неліктен ойнай алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл Абаттың кінәсі емес, бұл тек агенттердің қитұрқы ойыны ғана. Өкінішке қарай, сондай жағдай болды. Егер оған мүмкіндік берілсе, ол өзі мүмкіндікті пайдалана алмаса, түсінер едім, бірақ футболға қатыссыз нәрселер оған зиян тигізді », – деді Раджабов.

Айта кетейік, Абат 2021 жылғы ақпанда ресейлік «Крылья Советов» командасына ауысқан болатын. Алайда ол клубта бірде-бір ойынға қатысқан жоқ. Кейін «Астана» командасына жалға беріліп, 2022 жылы қаңтарда ресейлік клубпен келісімшартты бұзды.