965
Қарашаның алғашқы күндеріне ауа райы қандай болады
Температура көрсеткіштері түнде 3-10 жылыдан 5 аяз -3 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыдан 0-8 жылыға дейін төмендейді.
Қазгидромет қарашаның алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, барикалық алқаптардың тез өзгеруінен республиканың солтүстік жартысында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде.
Температура көрсеткіштері түнде 3-10 жылыдан 5 аяз -3 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыдан 0-8 жылыға дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 3 аяз -5 жылы, күндіз 10-17 жылыдан 15-20 жылыға дейін аздап жоғарылайды. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанып отыр.