Боксшы Махмұд Сабырханның інісі әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)

Төрехан – бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

Боксшы Махмұд Сабырханның інісі әлем чемпионатының финалына шықты (ВИДЕО)
sports.kz

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Астанада бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

63,5 салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Төрехан жартылай финалда иорданиялық Омар Әл Хадидидті айқын басымдықпен жеңді. Финалдық кездесулер 2-4 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, Төрехан – бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.