1963
Мемлекет қайраткері Әділбек Жақсыбековтің жұбайы қайтыс болды
Ләззат Жақсыбекова 69 жаста болған.
Бұрынғы Мемлекеттік кеңесші, Мемлекет қайраткері, кәсіпкер Әділбек Жақсыбековтің әйелі өмірден өтті. Бұл туралы YEDILOV telegram арнасы хабарлады.
Ләззат Жақсыбекова 69 жаста болған.
Айта кетейік, Әділбек Жақсыбеков әр жылдары Астана қаласының әкімі, Индустрия және сауда министрі, Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік хатшы болды.
Сайт редакциясы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!