Жауын-шашын, көктайғақ: 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 1 қарашада еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады.

Жауын-шашын, көктайғақ: 1 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Азаттық рухы
783

"Қазгидромет РМК" ресми сайтының хабарлауынша, атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен бүгін республика аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Бүгін тек елдің батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Сонымен қатар сәрсенбіде Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, бұрқасын болуы ықтимал. OpenWeather порталының мәліметінше, бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 6 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,4 м/с. Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,2 м/с. 

Шымкентте күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.

Серіктес жаңалықтары