Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?

2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді.

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады?
ашық дереккөз

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағылардың 30 желтоқсанда жұмыс істейді.

3,4,5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбі болғандықтан, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6,7 қаңтарда демалады.