Эксклюзив: Сәкен Сейфуллин таспаланған видео табылды (ВИДЕО)

Мемлекет қайраткері бейнеленген кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.

Эксклюзив: Сәкен Сейфуллин таспаланған видео табылды (ВИДЕО)
Фото: iie.kz

Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллин түсірілген видео табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет қайраткері бейнеленген кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген.

Таспаны тапқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының ғылыми қызметкері Ермұхамет Маралбек  Qazaqstan ұлттық телеарнасына тікелей байланысқа шығып, тың мәліметтер айтты.

«...Осы жылы Мәскеуге үш ғалым барған болатынбыз. Ресей мемлекеттік кино-фото мұрағатында болдық. Сол мұрағаттан кино, фото каталогымен түгел танысып шықтық. Өзімізге қажетті дүниелерге қарап отырғанда Сәкен Сейфуллиннің бейнежазбасы кездейсоқ кездесіп қалды. Сәкен Сейфуллинмен бірге Ораз Жандосов, Әліби Жангелдин сияқты қайраткерлердің бейнежазбасы осында түсірілген», - дейді ол.

Ол Мәскеу мұрағатында өте құнды деректер бар екенін жеткізді.