Ақтаудағы жаппай төбелеске қатысқан 6 жасөспірім изоляторға қамалды

Жастар бір-біріне тас пен шөлмек лақтырған.

Ақтаудағы жаппай төбелеске қатысқан 6 жасөспірім изоляторға қамалды
mkset.ru
893

Ақтау қаласында 27 және 28-шағын аудандарындағы жасөспірімдер жаппай төбелеске қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Кәмелет жасына толмаған жастар бір-біріне тас пен шөлмек лақтырып, кейін бұл оқиға тағы жалғасын тапқан.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, Ақтау қалалық полиция басқармасы аталған іске қатысы бар деген күдікпен 15 және 18 жас аралығындағы 76 адамды ұстағанын мәлімдеді. 56 ата-анаға осыған байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша хаттама толтырылған.

«Оның ішінде алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдағы күндерң олардың тағдырын сот шешпек. Айыпталушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша оларға 2 мың АЕК көлемінде (7 млн теңге) айыппұл салу я түзеу жұмыстарына тарту, 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарды істеу секілді жаза қарастырылған. Сонымен бірге, екі жылға бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінген хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары