Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді.

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?
fotostrana.ru
646

Қазгидромет 31 қазан-2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz

Өткен апта еліміздің солтүстік аймақтарында қар жауып, ауаның орташа температурасы нөлден төмен болды.

Алайда жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді.

«Атлантикалық циклондар сериясы жылу әкеледі, ауа температурасы қысқа уақытқа төмендегеннен кейін жылумен бірге жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың батысында негізінен жауын-шашын болмайды», – делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 жылыға, солтүстікте және орталықта 5-10 жылыға дейін өзгереді.

«Шығыс пен оңтүстікте суық фронттардың әсерінен түнде 0-5 жылыға дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 аязға дейін, күндіз 10-15 градус болады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары