41 медаль: Қазақстан Азия Пара ойындарын аяқтады

Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарын 41 медальмен аяқтады.

41 медаль: Қазақстан Азия Пара ойындарын аяқтады
Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоудағы IV Азия пара ойындарында қазақстандық спортшылар жарысты 11-орынмен аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл додада қазақстандық параспортшылар барлығы 41 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. Ел намысын 14 спорт түрінен 131 спортшы қорғады. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтады.