Нұрғали Нүсіпжанов әнші Жеңіс Ысқақованы жылатты (ВИДЕО)

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтан бата алып, көз жасына ерік берді.

Нұрғали Нүсіпжанов әнші Жеңіс Ысқақованы жылатты (ВИДЕО)
скриншот

Көптен бері сахнада көрінбей кеткен Нұрғали Нүсіпжанов «Сағындырған әндер-ай» музыкалық кешінде болды. Ол өнердегі қарындасы Жеңіс Ысқақоваға ақ тілегін арнап, батасын берді. 

«Жеңіс, көкем, ән әлемінің еркесі болып жүре бер! Бұрыннан маған еркелеп жүруші едің, ерке қылығың сарқылмасын! Әніңді тыңдайтын қалың елің - қазағың аман болсын! Мына гүл шоқтарын өзіңе арнайылап әкелдім», – деді қолындағы гүлін ұсынып.

Мұндай сыйлықты күтпеген әнші көз жасына ерік берді.

«Нұрғали көкемнен бата алу мен үшін мәртебе. Жылағым келіп тұр. Өйткені Нұрғали Нүсіпжанов менің анамның сүйікті әншісі болатын. Ағамыз 100 жасасын», – деді әнші толқып.