сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Сән-салтанат салығы кімдерге, не үшін салынады?

/
ашық дереккөз
Қолданысқа қосымша салық жүктемесі енгізілмейді.

Мазмұны

    Сенатта өткен үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

    «Сән-салтанат салығы негізінен шетелдік мүліктен алынады. Мұндай салық қымбат көліктерге, жекеменшік ұшақтарға, жылжымайтын мүлікке салынады. Жалпы, бұл салықтың сипаты осындай. Сән-салтанат салығы сырттан әкелінетін қымбат мүлік тұтынушыларына қатысты болады. Өте қымбат мүліктің импорттық зат болатыны анық. Яғни оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде, тіркеу барысында жоғары салық салынады», – деді министр.

    Ә.Қуантыровтың сөзінше, қарапайым азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ. Қолданысқа қосымша салық жүктемесі енбейді және сән-салтанат салығы жалпыға ортақ болмайды.

    Бөлісу: