Motorola қолға тағуға болатын білезік-смартфонын таныстырды

Оның үш қызметі бар: білезік, үстел сағаты, байланыс құралы.

Motorola қолға тағуға болатын білезік-смартфонын таныстырды
ашық дереккөз

Motorola Lenovo tech World 2023 тұсаукесерінде иілгіш смартфонның концептін таныстырды. Оның үш қызметі бар: қолға тақса – білезік, үстелге қойса – сағат, сөйлессе – байланыс құралы. 

Иілгіш смартфон экраны FHD+ (1080×2340 пиксель), 6,9 дюйм болатын pOLED дисплейі бар, сол арқылы экран сыртқа қарай бүктеледі.

Дегенмен, бұл тек концепт, смартфондарды жаппай сатылымға шығару туралы айтылған жоқ.