Елордада ДДСҰ делегациясы «Қара жорға» биін биледі (ВИДЕО)

Бұл туралы видеоны Денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Елордада ДДСҰ делегациясы «Қара жорға» биін биледі (ВИДЕО)
Скриншот

Астанада ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің делегаттары бой жазу жаттығуы кезінде «Қара жорға» ұлттық биін биледі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі ресми парақшасында жарияланған видеодан конференция кезінде залда отырғандардың барлығы орындарынан тұрып «Қара жорға» биін билеп жатқанан байқауға болады. Сондай-ақ ДДСҰ делегаттарының да сахнада билеп жатқанын көруге болады. 

Ведомствоның мәліметінше, осы аптада Астанада медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы өтті. Іс-шараға ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетіне мүше мемлекеттердің мамандары, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.