Өскемендегі университет сабақ кестесін ChatGPT көмегімен жасап жатыр (ВИДЕО)

Қазір аймақтағы жоғары оқу орындарында Chat GPT (чат джипити) бағдарламасының көмегімен сабақ кестелері жасалып, университеттік менеджмент реттеліп жатыр.

Өскемендегі университет сабақ кестесін ChatGPT көмегімен жасап жатыр (ВИДЕО)
Фото: news.myseldon.com

Шығыс Қазақстан облысында оқыту үрдісіне жасанды интеллект енгізілуі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Қазір аймақтағы жоғары оқу орындарында Chat GPT (чат джипити) бағдарламасының көмегімен сабақ кестелері жасалып, университеттік менеджмент реттеліп жатыр. Сонымен бірге арнайы оқу базасы әзірлену үстінде.

Айта кетейік, соңғы төрт жылда елімізде 40-тан астам ІТ мектеп ашылды. Ал өскемендік мамандар жасанды интеллекттің көмегімен жыл сайын 100-ге жуық жобаны жүзеге асырып келеді. 

«Мектептердің барлығы компьютермен жабдықталған. Бұл жасанды интеллектті енгізуге жеткілікті. Десе де, ұстаздар қауымы дайын емес. Сондықтан кадрларды даярлап алуымыз керек. Кейін оқу үрдісіне өзгертулер енгізіледі», - дейді Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ШҚО филиалының төрағасы Виктор Камин.