Дизайны дайын: NASA айда үй салуды бастамақ

Үйлер қазір АҚШ-та сынақтан өтіп жатқан арнайы 3D принтерде салынбақ.

Дизайны дайын: NASA айда үй салуды бастамақ

NASA айда үй салуды бастамақ, тіпті үйлердің дизайны дайын, деп хабарлайды turkystan.kz spacexarch.com-ға сілтеме жасап.

Айда қарқынды құрылыс 2040 жылы басталады деп уәде етіліп отыр.
 
Үйлер қазір АҚШ-та сынақтан өтіп жатқан арнайы 3D принтерде салынбақ. Машина жиһазды, соның ішінде айда бар материалдарды, мысалы, реголитті басып шығара алады. Бастаманың авторларының пікірінше, ғимараттар ыңғайлы, бірақ тар болады. Барлық ыдыс-аяқ пен техниканы өзіңізбен бірге алып жүруге тура келеді екен.