Қыркүйекте 133 келі алтын құйма сатылды

Жалпы салмағы 133,2 келі болатын 2 609 алтын құйма сатылды

Қыркүйекте 133 келі алтын құйма сатылды
ашық дереккөз
608

Қыркүйекте екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 133,2 келі 2 609 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 4,9 тонна болатын 140 864 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 26% – 36 386  дана. Одан кейін 5 грамдық алтын құйма – 31 766 дана (22%), 100 грамдық құйма – 30 458  дана (22%), 20 грамдық құйма - 25 365  дана (18%), және 50 граммдық құйма – 16 889 дана (12%), – деп жазылған орталық банктің баяндамасында.

2023 жылғы қыркүйекте алтын құймаларды ең көп Алматы (1 495 дана, 57%), Шымкент (608 дана, 23%) және Астана (170 дана, 7%) тұрғындары сатып алған.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі геосаяси ахуалдың ықпалынан алтынның әлемдік бағасы күрт өсті. 

Серіктес жаңалықтары