1759
Ғалымдар артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын тапты
Бұл тұжырымға келу үшін ғалымдарға 10 жыл бойы 400 000 адамды зерттеу қажет болған.
Ғалымдар артық салмақтан құтылудың ең тиімді жолын тапты, деп хабарлады turkystan.kz dailymail.co.uk-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар артық салмақтан құтылып, денсаулықты жақсартатын ең тиімді әдіс баспалдақпен жоғары көтерілу екенін анықтады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, күн сайын баспалдақпен көтерілу денсаулықты нығайтып, жаяу жүруге қарағанда калорияны 2 есе көп азайту арқылы жүрек ауруының қаупін азайтады.
Бұл тұжырымға келу үшін ғалымдарға 10 жыл бойы 400 000 адамды зерттеу қажет болған.