«Месси» мен «Роналдо» келді: Алматылық блогер үйлену тойын футбол стилінде өткізді (ВИДЕО)

Алматылық блогер Әлішер Келгенбайдың үйлену тойы футбол стилінде өтті.

«Месси» мен «Роналдо» келді: Алматылық блогер үйлену тойын футбол стилінде өткізді (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан фото, видеодағы үйлену тойындағы ерекше торт қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматылық блогер Әлішер Келгенбайдың үйлену тойы футбол стилінде өтті.

Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, «Real Madrid-тің» эмблемасы қалыңдықтың ақ жамылғысында болса, «Barcelona» футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілген.

Сондай-ақ қалындық қолына әдеттегідей ақ гүл емес, қара түсті гүл шоғын ұстап жүрді. Бұдан бөлек, қонақтардың көңілін көтеруге «Месси» мен «Роналдо» келді.