Швейцариядағы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті

Швейцариялықтардың көші-қон мәселесіне баса назар аударған консерваторлар көптеген сайлаушыны өз жағына тарта алды.

Швейцариядағы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті
cnbc.com

Швейцариядағы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

Швейцариялықтардың көші-қон мәселесіне баса назар аударған консерваторлар көптеген сайлаушыны өз жағына тарта алды. Сонымен қатар олар елдің бейтараптығын қатаң сақтау мәселесін көтерді. Осылайша, Швейцария халық партиясы парламент сайлауында жеңіске жетіп, 62 мандат алды.

Екінші орынды социал-демократиялық партия иеленді. Олар Парламенттен 41 орын алады.

Үшінші және төртінші орындардағы "Орталық" партия және "Еркін демократиялық партия. Либералдар" тиісінше 29 және 28 депутаттық мандатқа ие болды. Ал "жасылдар" бесінші орынға тұрақтады.