ІІМ: Республика күні өңірлерде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі

Республика күні барлық өңірде жедел штаб жұмыс істейді.

ІІМ: Республика күні өңірлерде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі
ашық дереккөз
806

25 қазан - Республика күні мерекесі еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі.

«Республика күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылдануда. 24-26 қазан аралығында жеке құрамның қызметі күшейтілген режимге ауысады. Әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар өтетін орындар белгіленді», - деді Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті бақылау күштері мен құралдар дайындалды.

«Мереке күні қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген. Адамдар көп жиналатын және демалатын орындарда полиция жасақтары болады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуалды бақылауға алынады. Ахуалды мониторинг үшін жедел штаб жұмыс атқарады. Штабтар барлық өңірде ашылады», - дейді ол

Серіктес жаңалықтары