Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты

Президент Қазақстанның үш елдегі елшілерін ауыстырды.

Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты
ҚР СІМ
506

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары