«Бір пиязды қуырып жедік»: танымал блогер жоқшылықта өскенін айтып, жан сырын ақтарды

«Ертең не жейміз, бүгін не жейміз?» деп ойлап өмір сүрген.

«Бір пиязды қуырып жедік»: танымал блогер жоқшылықта өскенін айтып, жан сырын ақтарды
instagram.com

Танымал блогер, Алтынай Жорабаеваның келіні байлыққа қызықпайтынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мен мұқтаж отбасыдан шыққанмын, әкесіз өскенмін. Үйде нан болмаған кездер болды. Анам бірнеше жерде жұмыс істейді. Інім екеуміз үйде қаламыз. Бір күні қарасам, үйде бір түйір пияздан басқа ештеңе жоқ екен. Сол пиязды қуырып, ініміз екеуміз бөліп жедік. Мен бұл нәрсеге анамды кінәлай алмаймын. Ол бізді асырау үшін алдынан шыққан тірліктің бәрін істеді. «Ертең не жейміз, бүгін не жейміз?» деп ойлап өмір сүрдік. Бұл Алланың маңдайымызға жазып қойғаны, бәлкім, осы күнге жету үшін сол кезде сынап, шыңдаған шығар», - деді блогер Аяулым Жорабаева.