Сара Назарбаева институтының атауы өзгертілетін болды

Сара Назарбаева ашқан институттың да атауы өзгертіліп жатыр.

Сара Назарбаева институтының атауы өзгертілетін болды
Ашық дереккөз

Республикалық ономастикалық комиссия жеті оқу орнының атын өзгертуге рұқсат берді, деп хабарлады turkystan.kz "ҚазТАГ" сайтына сілтеме жасап.

Бұл санға Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі негізін қалаған «Адамды үйлесімді дамытудың ұлттық институты» кіреді. Енді ол «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық балалардың хал-ахуалы институты» КЕАҚ деп аталады.

«Келесі мемлекеттік нысандардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша атауларын өзгерту туралы оң қорытынды берілсін: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынуы бойынша (...) «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» ендігі жерде «Өркен» балалар салауаттылығы ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты» болып өзгертілсін», - делінген Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысында.