UFC: Махачев Волкановскиді бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

Махачев техникалық нокаутпен жеңіске жетті

UFC: Махачев Волкановскиді бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)
Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Ресейлік UFC файтері Ислам Махачев Абу-Дабидегі UFC 294 турнирінде австралиялық Александр Волкановскиді жеңіп, чемпиондық атағын екінші рет қорғады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі espn.com сайтына сілтеме жасап.

Бес раундқа жоспарланған текетірес алғашқы бес минутта техникалық нокаутпен 31 жастағы Махачевтің жеңісімен аяқталды.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпион Махачев пен жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Волкановскидің алғашқы жекпе-жегі осы жылдың ақпан айында орын алған еді. Кездесу төрешілердің шешімі бойынша Исламның жеңісімен аяқталды.

Айтпақшы, бастапқыда UFC-294 турнирының негізгі жекпе-жегінде Исламға бразилиялық Чарльз Оливейра қарсы шығу керек болған. Алайда, Оливейра жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.