Ауа райына байланысты еліміздің 10 өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 21 қазанда Атырау облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады.
Астанада солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде шығысында, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі.
Павлодар облысында батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.