Қарағанды облысында аққуды атқан браконьер ұсталды

Көлікті тексеру барысында жүк салғыш бөлігінен аққудың тушасы тәркіленді.

Қарағанды облысында аққуды атқан браконьер ұсталды
ашық дереккөз
1033

Қарағандылық полицейлер аққу атқан браконьерді қолға түсірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлеріне Шет ауданынан Қарағанды қаласына бағыт алған жол талғамайтын көлік иесі Қызыл кітапқа енген құс атып алды деген ақпарат түсті.

Полиция қызметкерлерімен бірден аталған көлікті анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 31 жастағы азаматты ұстады.

«Полиция қызметкерлерімен көлікке жүргізілген тексеріс барысында жүк салғыш бөлігінен аққудың тушасы тәркіленді. Көлік жүргізушісі аққуды шет ауданында атып алғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 («Заңсыз аң аулау») бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Шығын көлемі анықталуда, - деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Серіктес жаңалықтары