Шымкенттік өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден екі баланы құтқарды
Оқиға орнына 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілді.
10 қазан күні сағат 16:02-де Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне Абай ауданы, Төлеметов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілді. Пәтерлердің біріндегі балконда үй заттары жанғаны белгілі болды. Өрттің салдарынан баспананың ішін қара түтін басқан.
Өрт сөндірушілер қызыл жалынның одан әрі таралуына жол бермей, сағат 16.20-да өртті оқшаулап, ал 16.24-те толығымен сөндірді.
№5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев және Арман Махмұт түтінге оранған пәтердің ішіннен 4 және 5 жастағы екібаланы тауып, жедел-жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала болжам бойынша, балалар отпен ойнап, өрттің шығуына себепші болды.
Благодаря оперативному реагированию и профессиональным действиям шымкентских пожарных удалось избежать трагедии.
Шымкенттік өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.