620
Павлодарда зейнеткер алып қияр өсірді
Екі көкөністің салмағы үш келіден асады.
Павлодар ауданында зейнеткер гигант қияр өсірді. Екі көкөністің салмағы үш келіден асады, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Павлодар ауданы Ольгинка ауылында «Үй жанындағы бақша» көрме-байқауы өтті.
84 жастағы ауыл тұрғыны Нина Кривич «Көкөніс» номинациясында жеңімпаз атанды.
Оның жеке учаскесінде екі алып қияр өскен. Біреуінің салмағы – 1,8, екіншісі – 1,4 келі.
«Бұл қияр маған қыс бойына жетеді!» – деп әзілдейді зейнеткер.
«Менің учаскемдегі жидектер мен жемістер» номинациясында 87 жастағы Екатерина Крисанова жүлдегер атанды. Ол қазылар алқасына өз учаскесінде өсірілген жемістер мен жидектердің тоғыз түрінен тұратын компот ұсынды.