"Жігіттер" тобының әншісі қыз ұзатқанына қанша ақша алатынын айтты

Айдар Тұрғанбек бірнеше жыл бұрын тойда қыз ұзата бастаған еді.

"Жігіттер" тобының әншісі қыз ұзатқанына қанша ақша алатынын айтты
ашық дереккөз

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек бірнеше жыл бұрын тойда қыз ұзата бастаған еді. Ол "Қызықты weekend" бағдарламасында қыз ұзату мен сүндет тойға қанша ақшаға шығатынын айтты.

"Қыз ұзату тойына 1,5 млн теңге аламын. Себебі, біз той басталғаннан соңына дейін боламыз. Ал сүндет тойға 1,3 млн теңгеге шығамын. Ал "Жігіттер" тобының гонорары – 2 млн теңге. Бұл соманы топ мүшелері және продюсер 20 пайыздан бөлісеміз", – деді Айдар Тұрғанбек.