Қазақстанның мұнайы мен газы қанша жылға жетеді?

Былтыр 72 млн тонна мұнай өндірілді.

Қазақстанның мұнайы мен газы қанша жылға жетеді?
ашық дереккөз
1748

Ұлттық статистика бюросы соңғы 20 жылда елімізде қанша тонна мұнай өндірілгенін жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Белгілі болғандай, 1993 жылы 19,5 млн тонна шикі мұнай өндірілген. Екі жылдан кейін жоғарыдағы көрсеткіш 1,8 млн тоннаға азайып, өндірілген шикі мұнай көлемі 18 млн тоннаны құраған.

«1995 жылдан 2010 жылға дейін жер астынан 68 млн тонна мұнай алынды. 2019 жылы мұнай өндіру көлемі 78,6 млн тоннаға жетті», – деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.

2022 жылы мұнай өндіру көлемі 72 млн тоннаға төмендеді. Ал биыл қаңтар-тамыз аралығында 51,5 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға көп көрсеткіш.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, еліміздегі мұнай мен газ қоры 60-100 жылға жетуі мүмкін.

«Мемлекеттік реестрде қоры 4,4 млрд тоннаны құрайтын 307 мұнай кен орны бар. Жылына 80 млн тонна мұнай өндірілсе, қор 60 жылдан астам уақытқа жетеді», – деп нақтылады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Елімізде табиғи газ өндіретін 287 кен орны бар. Мұндағы шикізат көлемі 1,3 трлн текше метрді құрайды. Орта есеппен жылына 20 млрд текше метр газ өндірілсе, 60 жыл алаңсыз өмір сүруге болады.

«Кен орындарындағы газ қоры 1,3 трлн текше метрді құрайды. Жыл сайын 100 млн тоннаға жуық өнім өндірілсе, шикізат 100 жылдан астам уақытқа жетеді», – делінген министрліктің дерегінде.

 

Серіктес жаңалықтары