Кейбір қазақстандықтар қазақ тілін білу деңгейі бойынша тесттен өтуге міндеттеледі
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, мұндай стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу.
Астанада өткен стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңесте ұлттық стандарттар жобалары, оның ішінде деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған коммуникативті тілдік құзыреттілік жобасы қаралды, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоба бойынша енді елімізде кейбір сала мамандары мен студенттеріне қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізілмек.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, мұндай стандарттың негізгі мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін белгілеу. Кейін Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу жүргізіп, тиісті сертификаттар береді.
«ҚР-ның Тіл туралы» заңның қабылдануымен әзірленген стандарттар жұмысты нақты нормалар мен талаптарға сәйкестендіретіндіктен аса қажет болып отыр», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.