дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Үсік, жоғары өрт қаупі: 15 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

/
Ашық дереккөз
Еліміздің шығысында қатты жауын-шашын түсіп, жел тұрады.

Қазгидромет ел аумағында 15 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын болады, елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел тұрады. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу: